Сайт создан на конструкторе ASIA.KZ - Создайте и Вы себе сайт бесплатно!

Биология - тіршілік көзі

Сайтқа қош келіпсіздер!!!!

 Сайттың басты мақсаты қазақ тіліндегі сапалы контенттер жинап, жас және тәжірибелі қолданушыларды бір пікіралмасу ортасына жинау. Сайттан өздеріңізге пайдалы нәрсе тауып жататын болсаңыздар, біздің қуанышымыз сол болмақ! Қош келіпсіздер! 

Сарқырама

Сарқырама – судың өзен арнасын көлденең кесіп өтетін тік жартасты кертпештен құлап, тік ағуы. Тым қатты және борпылдақ жыныс қабаттары кезектесе қалыптасқан өңірлермен өтетін өзендер бойында пайда болады. Жиегі үнемі шайылу салдарынан Сарқырама өзен ағысын бойлай жоғары шегіне береді. Су бірнеше кертпештен каскад құрып құлауы мүмкін.

Жылқы

Жылқы (лат. Equus ferus caballus) – тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болады. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылық пен өркениет дамуының негізін қалады. Қолға үйретілген жылқының (E. caballus) шаруашылықта маңызы зор. Ол – ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу, әскери және спорттық бағыттарда өсіріледі.

Бұғы мүйізі

Бұғы мүйізі (панты) - өсіп келе жатқан бұғы мүйізіне адамзаттың аса қызығуы әлде қашаннан басталған, оның құрамында ерте кезеннен бастап адамдар тарапынан бағаланған және дәрігерлік тәжірибеде нәтижелі дәрі, оның ішінде өте жақсы белгілі пантокринді пайдаланған. Бұл зат жүрек-тамырлар жүйесіне және ішек - асқазан жұмыстарына жақсы әсерін тигізеді, шаршаудың дәрежесін төмендетеді, ағзаның жалпы жайын жоғарылатады, әр түрлі дене және асқазан жараларының жазылуын тездетеді. Жыныстық қабілетті жоғарылатады. Бұғылар мүйізінің негізінен емдік қасиеті - оның құрамында еркек жыныс гормондарының бар екендігі. Экспортқа шығарылатын өнім.

Өлі табиғаттан тірі ағзаларды өздеріне тән негізгі касиеттері аркылы бірден ажыратуға болады. Тірі ағзаларға тән негізгі қасиеттер:

  • химиялық құрамының біркелкілігі,
  • заттар мен энергияның алмасуы,
  • құрылымдық деңгейінің ұқсас болуы,
  • көбею,
  • тұқым куалаушылық,
  • өзгергіштік,
  • өсу мен даму,
  • тітіркенгіштік,
  • дискреттілік (оқшаулану),
  • өзін-өзі реттеу,
  • ырғақтылық қасиеттер де тән.

 

Пожаловаться на сайт